Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Жаңалықтар
view 50
news

Фото: pexels.com

 «Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» тас жолында «Mercedes-Benz» пен ВАЗ-2107 көліктері соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды JANABASTAU ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан ВАЗ-2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.


Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *