Қуандық Бишімбаев жұмыс таппай отыр

Жаңалықтар
view 108
news

Сурет: Ашық дереккөзден

24 жылға сотталған экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесінде әлі жұмыс таппады, деп хабарлайды janabastau.kz сайты KursivMedia ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетовтың ақпаратынша, колония аумағында қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

"Бизнес-аймақ жұмыс күшімен толық қамтылған. Жаңа цехтар ашылған соң қосымша жұмыс орындары пайда болады, сол кезде барлық сотталғанды еңбекке тартамыз. Қазір жазасын өтеушілердің 60 пайызы жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Сотталғандарды таңдап алмаймыз", - деді Баймағанбетов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *