«Құдай о дүниеде оны қинайды»: Нұрайдың ағасы әсерлі жазба жариялады
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Шымкент қаласында кісі қолынан қаза тапқан бойжеткеннің ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба қалдырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол марқұм қарындасының қырқын өткізу өзіне аса ауыр соққы болғанын айтып, әділдік талап етті.
«Ешқашан өзімнің туған қарындасымның қырқын жасаймын деп ойламаппын. Шуағын енді шашайын деп тұрған уақытында, өмірінің жібі үзілді дегенге сенгім келмейді. Өмірдің бұлай өзгеруі отбасымыз үшін өте ауыр. Дегенмен, бұл істі біз соңына дейін жеткізу үшін бар күшімізді саламыз. Құдай ондай адамдарды о дүниеде қинайтын болса, ал біз осы дүниеде істеген зұлымдығын мойнымен көтергіземіз. Талап – өмір бойына бас бостандығынан айыру және ашық сот», – деп жазды ол.
Пікірлер (0)