«Қыздардың пәктігі тексерілуі керек»: Әмина қажы елді елең еткізді (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 554
news

Фото: uaqyt.info

Әмина қажы Әжібаева ТікТок-та қыздардың пәк болып тұрмысқа шығуы туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды janabastau.kz Sкifnews.kz -ке сілтеме жасап.

«Бұрын келіннің қыздығын тексеретін жеңгелері болатын. Бұл өте керемет дәстүр еді. Қазір ол да жоқ. Қайдан болсын, тойға дейін бәрін жасап тастайды ғой. Қазір ұлдың шешесі «тойға дейін тиме» демейді, ал қыздың шешесі «істейтініңді істеп ал да, тұрмысқа шыққан соң барлығы дұрыс болады» дейді. Осыдан кейін қалайша қыздық сақталады? Қыздық — ар-намыс пен абыройдың белгісі. Ол өмір бойы сақталатын беттегі мөр сияқты, «қыз болып шықтың» деген белгі», — деді Әмина қажы.

Қажы апа қазіргі кезде жиі кездесетін ажырасулардың себептерін жастардың дұрыс тәрбиеленбеуінен көреді.

Оның бұл пікірі әлеуметтік желіде түрлі пікір тудырды. Кейбір қолданушылар оның ойымен келіспей, «кейбір қыздар қыздықсыз өмірге келеді», «жыныс тексеру деген ұйғыр-сарттың дәстүрі ғой», «сол салттың не керегі бар?» деген сияқты пікір білдірді. Ал енді бірі қажы апаның пікірін қолдап, «дұрыс», «сол дәстүрді қайта жаңғырту керек» деп жаза жөнелді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *