“Қызғанған шығар": Қайрат Нұртастың анасы құдасымен видео түсіріп, сынға қалды

Жаңалықтар
view 418
news

Сурет: ашық дереккөзден

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші құдасымен видео түсіріп, көпшілік назарын аударды,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Өнерлі отбасы ағайын мен тума-туыстарын жинап Түрген демалыс аймағында уақыт өткізіп жатыр. 

“Индиркамның әкетайы, менің құдаммен оқырмандарым үшін, көтеріңкі көңіл-күй болсын деп, TikTok түсіріп тастадық. Құдам риза болсын десеңіздер, алаулатып оттан, жүрек лүпілдерден жіберіп қойсаңыздаршы”, – деп әзілдеді продюсер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Гүлзира Үсенқызының майысқан іс-әрекетін сынап жатыр. Алайда оқырмандарының ашуын басып, продюсер бәрін өзі-ақ түсіндіріп берді. 

“Қызғаныш болады деп оқырмандарым жазып жатыр екен. Арам ойлайтындай, Нұрекең 35 жыл болды табиғатымда мінезімнің қандай екенін біледі. Одан кейін деңгейі төмен ақылсыз емес. Әзілің жарасса атаңмен ойна деген. Жарасып тұрса, құдаңмен неге әзілдеспеске?” – деп жауап берді өнер иесі. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *