Референдумдағы «ерекше вайб»: Қазақстандықтар дауыс беру барысында креатив танытуда
Фото: видеодан скрин
Республикалық референдум тек азаматтық жауапкершілік сынағы ғана емес, сонымен қатар әркімнің өзіндік ерекшелігін көрсететін алаңына айналды. Еліміздің әр өңірінен келген жаңалықтар бүгінгі саяси науқанның қаншалықты көңілді өтіп жатқанын аңғартады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Мәселен, Қостанай облысында бір тұрғын сайлау учаскесіне аты аңызға айналған Қыдыр ата бейнесінде келсе, басқа аймақтарда жұртшылық ұлттық нақыштағы киімдер мен түрлі мультфильм кейіпкерлерінің костюмдерін киіп, көпшіліктің назарын аударды. Ал Астанада бір бойжеткен тіпті үй халатымен және робот-итімен келіп, жиналғандарды таңғалдырып қана қоймай, көңіл-күйін көтерді.
Жалпы алғанда, еліміздің барлық өңіріндегі сайлау учаскелерінде жылы әрі достық атмосфера орнаған. Бұл референдум қазақстандықтарды біріктіре түскен, нағыз халықтық мерекеге айналды.


Пікірлер (0)