Ресей Әзірбайжан халқынан кешірім сұрап, өз кінәсін мойындап, өтемақы төлеуі керек – Әлиев
Фото ашық дереккөзден
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев елдің басты телеарнасына берген сұхбатында Ресей тарапына өз талаптарын ашық айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Әлиев 27 желтоқсанда екі ел президентінің телефон арқылы болған әңгімесінде бұл талаптардың ресейлік тарапқа ресми түрде жеткізілгенін атап өтті.
«Олар не еді? Біріншіден, Ресей тарапы Әзірбайжаннан кешірім сұрауы керек. Екіншіден, олар өз кінәсін мойындауы керек. Үшіншіден, кінәлілер жазаланып, жауапқа тартылып, Әзірбайжан мемлекеті мен зардап шеккен жолаушыларға, экипаж мүшелеріне өтемақы төленуі керек. Бұл біздің шарттарымыз. Оның біріншісі күні кеше ғана орындалды. Басқа да шарттарымыз орындалады деген сенімдеміз. Бұл талаптың бәрі әділетті. Мұнда ерекше талаптар немесе мәселелер жоқ, бұл халықаралық тәжірибеге және адамның қалыпты адамгершілік қағидаларына негізделген», деді Әзербайжан президенті.
Сондай-ақ ол осы апатты жағдайдан кейін қазақ-әзербайжан қарым-қатынасының, екі бауырлас халықтың бірлігінің одан әрі беки түскенін атап өтті.
Пікірлер (0)