Руслан Берденов ауыр жағдай туралы айтып, денсаулығы туралы мәлімдеді

Жаңалықтар
view 87
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды janabastau.kz Massaget.kz -ке сілтеме жасап. 

Шенеунік қиын шақта қолдау көрсеткен қалың көпшілікке алғыс айтты.

“Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Алайда сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамның, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді”, – деп жазды ол.

Руслан Берденов таяуда ауруханадан шығатынын да жеткізді.

“3 аптаға созылған ауруханадағы күндерім аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді”, – деді әкім орынбасары.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *