Садақа мен қайырымдылыққа ақша жинайтындар енді қалай тексеріледі

Жаңалықтар
view 163
news

Сурет: muftyat.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы мобильді аударымдарды бақылау кезінде садақа мен емге жиналған қаражаттың тағдыры қалай болатынын түсіндірді, деп хабарлайды janabastau.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Мобильді аударымдар арқылы садақа, қайырымдылық және ем-шараларына қаражат жинап жатады. Бұл - кәсіпкерлік мақсатта жиналып жатқан қаражат емес. Сәйкесінше, ол салықтандыруға жатпайды, тек кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдар жатады. Емге жинап жатса, оны құжаттар арқылы растай алуы керек. Оларға хабарлама жолданса, ол тұлғалар құжат бойынша әрекеттерін растауы керек. Олардан жеке табыс салығы алынбайды. Хабарлама салық төлеушінің кабинетіне барады. Ол жерде түсінік беру деген батырма бар. Сол жерге құжаттарын жолдайды», - дейді Ерсайын Көптілеуұлы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *