«Садақамен мансап құрғысы келді»: Қайрат Перизат ісінде жаңа айыптау

Жаңалықтар
view 160
news

Коллаж: sn.kz

Бүгін сот отырысында прокурор Мәдина Оразалина қоғамда үлкен резонанс тудырған Қайрат Перизат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іске байланысты сөз сөйледі, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

 Ол бұл істі жай ғана алаяқтық емес, халықтың сенімі мен рухани құндылықтарына жасалған қиянат деп бағалады.

— Бүгінгі сөзімді «Ізгіліктің бетпердесі» деп атағым келеді. Қазақ халқы – жомарттығы мен ар-ұяты жоғары ұлт. Сол халықтың сенімін пайдаланып, қайырымдылықты бетперде ету — кешірілмейтін іс, – деді Оразалина.

Прокурордың айтуынша, Қайрат Перизат ел ішіндегі сенім мен мейірімділікті жеке пайдасына пайдаланған. Бұл тек моральдық емес, заңдық тұрғыдан да жауапкершілік жүктейді.

— «Қайырымдылық» сөзін қалқан еткісі келетін әр адам білсін: халық үнсіз қалмайды, мемлекет көз жұмбайды, ал сенім – шексіз емес, – деп мәлімдеді ол.

Сөз соңында прокурор қоғамға қатқыл үндеу тастады:

— Садақа – мансаптың құралы емес. Халықтың сенімі – әмиян да, бренд те емес. Бұл – аманат. Ал аманатты сатқан адам мәңгілікке әшкере болады.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *