Прокурорлар Перизат Қайратқа 10 жыл, анасына 8 жыл сұрады
Фото: Facebook.com/Перизат Кайрат
Прокуратура атышулы іске нүкте қоюды талап етті: қайырымдылық атын жамылып миллиардтаған теңге жымқырды деп айыпталған Перизат Қайратқа 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар оның мүлкін тәркілеу және 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға тыйым салу жазасын да белгілеуді өтінді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Айыптаушы прокурор Арман Қизікеннің айтуынша, Перизат Қайраттың кінәсін жеңілдететін ешқандай жағдай табылмаған, керісінше, қылмыс елде төтенше жағдай кезінде жасалғандықтан ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылған.
Тергеу дерегінше, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева үш эпизод бойынша алаяқтық жасаған: балаларға арналған оңалту орталығын саламыз, Палестина халқына және су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесеміз деп халықтан ақша жинаған.
Прокуратура олардың қайырымдылық жолымен жиналған шамамен 3,5 миллиард теңгені иемденіп, кейін заңдастырғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, айыптаушылар Арман Кезекен мен Мадина Оразалина Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваны аса ірі көлемдегі алаяқтық және 3,5 млрд теңгені заңдастыру ісі бойынша кінәлі деп тануды сұрады.
Перизат Қайратқа — 10 жыл, анасына — 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.
Тергеу нұсқасы бойынша, әйелдер қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Іс үш эпизодтан тұрады:
126,7 млн теңге — мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталыққа,
559 млн теңге — Газе халқына көмекке,
2,8 млрд теңге — су тасқынынан зардап шеккендерге деп жиналған.
Пікірлер (0)