Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасының Халық әртісі атағын алды

Жаңалықтар
view 30
news

Фото: dimashnews.kz

22 шілде күні Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында IV Халықаралық «Мейкин Азия» музыкалық фестивалінің ауқымды финалы өтті, деп хабарлады janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Осы шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге жаңа атақ — Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді.

Dimashnews-тің жазуынша, фестивальдің салтанатты жабылу рәсімінде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Жарлығына сәйкес Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайбергенге Қырғыз Республикасының халық әртісі құрметті атағы берілген.

Марапатты Димашқа Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиевтің қатысуымен табыстады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *