Теміржол және азаматтық авация салаларындағы маршруттық желі тұрақты өсімді көрсетуде

Жаңалықтар
view 33
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Көлік министрлігі теміржол және азаматтық авиация салаларындағы маршруттық желі туралы хабарлайды, janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

🔸 Теміржол көлігі

Бүгінгі таңда елімізде жолаушылар тасымалы саласында 154 теміржол маршруты орындалады.

Олардың ішінде:

  • 112 маршрутты «Жолаушылар тасымалы» АҚ орындаса;
  • 30 маршрут жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі;
  • Ал қалған 12 маршрут халықаралық маршрутқа жатады.

2025 жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 миллион жолаушы тасымалданды. Жолаушылар вагондарын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері шамамен 60 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды.

🔹 Әуе қатынасы

Азаматтық авиация саласында ішкі және халықаралық бағыттардың саны артып келеді:

  • Ішкі бағыттарда  61 маршрут бойынша апта сайын 849 рейс орындалады;
  • Халықаралық бағыттарда 144 маршрут бойынша аптасына 842 рейс жүзеге асырылады. Қазақстаннан әлемнің 31 еліне тікелей ұшуға болады.

Халықаралық әуе рейстер географиясы әлемнің келесі елдерін қамтиды:

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзірбайжан, Туркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Черногория, БАӘ, Катар, Иран, МысырКувейт, Бахрейн, Оман, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Моңғолия, Малайзия, Мальдив аралдары.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында әуе көлігі қызметін 7,2 миллион жолаушы пайдаланған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *