ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН:

Жаңалықтар
view 90
news

Сурет: aset_akmolda парақшасынан алынды

Бір күні үйде отырсам телефон шылдыр ете қалды.

Тұтқасын көтердім. Ар жақтағы дауыс:

- Шәке, біз мына Өзбекстандағы Бұхар облысына қарасты Тамды ауылында кілең қазақтар тұрамыз.

Райкомның хатшысы да қазақ, райисполком да қазақ, мектебіміз де қазақша, газетіміз де қазақша.

Бәрі де қазақша. Аудан басшыларының тапсыруы бойынша Алматыға арнайы келдім. Ел-жұрт сізбен дидарласуға құмар. Сөздің қысқасы, сізді Тамдыға алып кел деп мені арнайы жіберді.

Мен:

- Жарайды, бір айдан кейін барайын, - дедім.

Қандай қабілетті болса да, кісінің қонақта жүріп ән шығаруы мүмкін емес. Отырыс болады. Шәй ішесің.

Анда-мұнда қыдырасың. Әңгімелесесің… Алдын-ала ән шығарып баруым керек деп іштей ұйғардым.

Машинамен бара жатып әнді шығардым. Сөзі жоқ.

Тамдыға табаным тиді. Оларға ән шығардым деп айтқан жоқпын. Жасырдым.

 «Елді аралап көрейін» дедім. Араладым… Тамдылық қазақтар «Ән туа қалса өлеңін Қадыр Мырзалиев жазсын» деп өтінді.

Алматыға қайтып келдім. Қадырға мән-жайды түсіндірдім.

«Көрмеген-білмеген жерім туралы қалай жазам?» деп ол қарсы болды. Мен қоймадым. «Бұл Өзбекстанда жат жұрттық боп жүрген қазақтардың қолқасы» дедім.

 «Сен бұған дейін де менің көп әндерімнің сөзін менің айтып, түсіндіруіммен жаздың. Сен ылғи да менің артымнан еріп жүріп жазған жоқсың ғой. Тыңда. Тамды деген жүз процент қазақтар тұратын аймақ. Бір аңғарғаным - олар қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен ырым-жырымын сол күйі сақтап қалған. 

Қаймағы бұзылмаған. Төңірегінде мынадай-мынадай жерлер» деп географиялық карта сияқты қағазға сызып түсіндіруге тырыстым.

 «Тамдының іргесінде Мыңбұлақ ағып жатыр» дегенімде, Қадыр жүзі бал-бұл жанып «Болды, Шәке, болды. Кілтін таптым!», деп қуанып кетті.

Отыра қалып қойын дәптеріне бір шумақ өлеңнің нобайын түсірді.

Жанарың жас көктемнің жамалындай,

Жүрегің махаббаттың қамалындай.

Тамдының тамылжыған әнші аруы,

Лебізің таңның уыз самалындай.

Қайырмасы:

Ебелектей жел аңсаған,

Көбелектей гүл аңсаған

Келем саған.

Сені ойлап құлазыған құла құмдай,

Заулайды қиял қырдың құланындай.

Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару,

Сол жердің мың бірінші бұлағындай.

Әсет Ақмолданың жазбасынан алынды 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *