“Соғыс іргемізге келіп тұр": Депутат елді қорқытып қойды (Видео)
Жаңалықтар
1368
Сурет: видеодағы кадрдан
Сенат және Мәжіліс депутаты Абзал Құспан соғыстың қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Депутаттың айтуынша, соғыс бола қалған жағдайда әскер дайын емес екен. Қазақ жастары психологиялық тұрғыдан дайын еместігін жеткізді.
"Кейінгі жағдайды бәріміз көріп отырмыз. Соғыс іргемізге келіп тұр. Сандарға назар аударайық. Армияға шақырылатын орын 40 мыңды құрайды. Ал 2024 жылы әскерге шақыртылған 18 бен 27 жас арасындағы ер адамдар саны 1 млн 200 мың адамды құрайды. Қазір жастар заманауи қару қолдана алмайды. Әскерден хабары жоқ. Әрі психологиялық тұрғыдан да дайын емес. Ел басына күн туа қалған жағдайда ешқайсысы дайын емес”, - дейді депутат.
Пікірлер (1)
Әрине дайын емес,кіл шынжау жастар,қолда телефон,спортпен хабары жоқ,әлсіз құнары жоқ тамақ,мектепте алғашқы әскери даярлық сабақ деңгейі төмен,заманауи қаруды үстапта көрмегендері рас,бір жылда қандай даярлық,дедовшина жайлаған армияда!?