"Сахнада боқтауға болмайды": Министр шоу-бизнес өкілдеріне ескерту жасады

Жаңалықтар
view 195
news

Сурки: ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда әншілерге сахнада бейәдеп сөз айтуға болмайтынын ескертті,- деп забарлайды Janabastau.kz.

Министрдің пікірінше, өнер адамдары халыққа үлгі болуы керек. 

“Мәдениет қайраткерлерінің міндеті – рухани құндылықты насихаттау, мәдениетті қалыптастыру. Егер біз сахнада ішімдік ішуге немесе есірткі заттарын тұтынуға рұқсат етсек, бұл айналаға қалай әсер етеді? Сондықтан қазір біз сахнаны құрметтеу керек деген мәселені көтеріп жатырмыз. Сахнаға шығып, өзінің таланты арқылы ақша тауып жүрген әнші өз көрерменін құрметтеуі керек. Сондықтан ол жағдайы мен мінез-құлқын бақылауы керек. Боқтауға мүлдем болмайды. Мұны сахнада қалай елестетуге болады?" – деді Аида Балаева Сенаттың кулуарында.

Одан кейін бұл ескертуі тек отандық шоу-бизнес өкілдеріне ғана емес, шетелдік өнер өкілдеріне де қатысты екенін айтты. 

“Қалай болғанда да келісімшартта ненің болатынын, ненің болмайтынын жазу қажет. Мұны біз неге істеуіміз керек? Себебі шетелдік әртістер еліміздің аумағында өнер көрсетеді. Сондықтан олар біздің заңдарымызды құрметтеп, бағынуға тиіс", – деп пікір білдірді министр. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *