Сайлау-2023: Ерлан Қошанов өз таңдауын жасады

Сайлау
view 79
news

Бүгін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда елордада «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов дауыс берді, деп хабарлайды janabastau.kz/  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап. Е. Қошанов Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. «Сайлауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде. Халық дауыс беруге белсенді түрде барып жатыр. Халықтың саяси өмірге араласуы қарқыны да жақсы», - деді партия төрағасы. Осы орайда ол сайлаудың әділ өтетініне сенімді екенін айтты. «Сайлаудағы дауыс беру процесін байқаушылар егжей-тегжейлі қарап отыр. Сондықтан сайлау әділ өтетініне еш күмән жоқ», - деді Е. Қошанов. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *