Сайлауалды әлеуметтік сауалнаманы кездейсоқ ұйымдар жүргізе алмайды
«Конституциялық реформаның кезінде заңға бірнеше өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес сайлауалды әлеуметтік сауалнаманы кездейсоқ ұйымдар, азаматтар жүргізе алмайды. Оны кем дегенде 5 жылдық тәжірибесі бар ұйымдар өткізеді. Сауалнаманы жүргізбес бұрын Орталық сайлау комиссиясын ескертіп, қай жерде, қандай сұрақтар қойылатыны жайлы тиісті ақпаратты беруі тиіс», - деді.
«Заңға енгізілген өзгерістердің басқа елдердің тәжірибесін негізге ала отырып енгізілді. Мәселен, Сингапурды алар болсақ, сайлау науқаны кезінде әлеуметтік сауалнамаларды жүргізуге шектеуге қойылған. Ал Ұлыбританияда сауалнаманы сайлауға дейін немесе одан кейін өткізуге рұқсат беріледі. АҚШ-та толығымен бостандық бар десе болады. Сауалнама нәтижесін қай уақытта жарияласа да өздері біледі. Одан басқа бірнеше мемлекет, оның ішінде Қазақстан да жүргізген сауалнама қорытындысын сайлау басталғанға дейін 5 күннен бұрын жарияламайды», - деді ол.
Пікірлер (0)