Семейде алғаш рет халықаралық ABAY CUP 2025 футбол турнирі өтуде

Жаңалықтар
view 51
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай халықаралық ABAY CUP 2025 жасөспірімдер футбол турнирі басталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі 24KZ сілтеме жасап. 

Додада Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 8 команда бақ сынауда. 11-12 жастағы жас футболшылар тек спорттық жарыспен шектелмей, қала қонақтары ретінде Семейдің тарихи орындары мен мәдени мұраларымен де танысуда.

ФК «Елімай» директорлар кеңесінің мүшесі Асқар Уранхаев:

«Олар үшін кең көлемді мәдени бағдарлама әзірледік. Абай музейін аралайды, турнирден кейін Ертіс өзенінде теплоходпен серуендейді. Ертең «Елімай» – «Жетісу» премьер-лига ойынын тамашалайды», – деді.

Турнирдің ұйымдастырушылары мұндай жарыстар балаларға үлкен тәжірибе беретінін айтады.

ФК «Елімай» даму бағдарламасының жетекшісі Ефим Германович:

«Бұл турнирге арнайы дайындық болған жоқ, бірақ 2014 жылы туған ойыншылар аптасына төрт рет жаттығып, бір бақылау ойынын өткізеді», – деп атап өтті.

Футбол бапкері Дмитрий Огай:

«Әр өңірде осындай халықаралық турнирлер өткізілсе, балалар бір-бірінің тәжірибесінен үйреніп, жаңа деңгейге көтеріледі», – деді.

Жас ойыншылар үшін бұл турнир – үлкен арманға бастайтын алғашқы қадам.

ФК «Спартак Юниор» ойыншысы Роман Вартумян:

«Бірінші ойында жеңілдік, бірақ бұл бізді тоқтатпайды. Футболда үлкен жетістіктерге жеткім келеді», – дейді.

ФК «Жеңіс» ойыншысы Диас Убинияз:

«Футболмен 5-6 жасымнан айналысамын. Болашақта жай ғана кәсіби футболшы болғым келмейді, тарих қалдырғым келеді», – деп бөлісті.

Турнир қорытындысы бойынша түрлі номинациялар мен сыйлықтар тапсырылып, барлық қатысушылар марапатталмақ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *