Баян Алагөзова әуежайдағы даудан кейін Жұбаныш Жексенді қорғады
Фотоколлаж: Liter.kz
Продюсер әрі медиа тұлға Баян Алагөзова Астана әуежайында орын алған оқиғадан кейін сынға қалған әнші Жұбаныш Жексенді ашық қолдады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұған дейін әнші әуежайда бейнежазбаға түсірген адамдарға дөрекі жауап беріп, бір әйелдің қолындағы телефонын қағып жібергені үшін айыппұл салынған болатын.
Алагузова Instagram парақшасында әншіні рұқсатсыз түсіргендерді сынға алып, бұл оқиғада асығыс пікірлердің көп, ал адами түсіністіктің аз екенін айтты.

«Бәріміздің де шаршап, ашулы кездеріміз болады. Танымал адамдар да – адам. Оларды робот секілді көруге болмайды. Қателесті ме? Иә. Бірақ ол шын жүректен өкінді ғой», – деді Алагузова.
Сонымен қатар продюсер танымал тұлғалардың жеке шекарасын бұзатын адамдарды жауапкершілікке тарту қажеттігін алға тартты.
Пікірлер (0)