Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: ҰҚШҰ-ны шақырған кезде асығыс жасадық
Жаңалықтар
190
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы журналист Нартай Аралбайұлына берген сұқбатында, Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың Қазақстан тарапына айтқан сөздеріне жауап қайтарды.
Депутат Шешенстан басшысының сөздерін «бос сандырақ» деп айыптады.
«Менің ойымша, Қадыров – қадірі кеткен адамдардың бірі. Ол тікелей Путиннің немесе Ресей Федерациясының ақшасына ұстап отырған азаматтардың бірі. Оның беделі, оның ұстанымы… Оның жаулары өте көп. Мен бұны Қадыровтың сандырағы деп түсінемін. ҰҚШҰ-ны шақырған кезде асығыс жасадық», – деді Мұрат Бақтиярұлы.
Оның айтуынша, қаңтар оқиғасында Қазақстан ҰҚШҰ-ның көмегінсіз-ақ, жағдайды қалыпқа келтіруге шамасы жетті.
«Өйткені, Қазақстан өз күшімен осы мәселенің бәрін реттеуге болатын еді. Осы үйымсыз-ақ осы мәселені шешетін едік. Ұйым тек қана стратегиялық объектілерге көмегі тиді. 9 күннің ішінде шығып кетті. Олар оқ та атқан жоқ. Оның Қазақстанның басуына үлкен ықпалы болды деп… саясаткер ретінде, парламент мүшесі ретінде айта алмаймын», – деді сенатор.
Депуттатың айтуынша, саяси өмірде бұндай оғаш пікірлер қалыпты құбылыс.
«Қадыровтың сандырақ сөзі. Қадыров талай әңгіме айтып жүр. Көптеген саясаткерлерге байланысты, басқаға байланысты… Сондай бір саясаткерлер болады өзі. Жириновский марқұм кетті… ол да бір әр нәрсені айтып кетті», – деді сенатор.
Айта кетейік, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерге видео үндеу жолдаған еді. Онда ол қаңтар оқиғасы кезінде Ресей Қазақстанды құтқарды деп мәлімдеген болатын.
Бүгін Рамзан Қадыров қазақстандықтардан кешірім сұрап, тағы да видео үндеу жасады.
Пікірлер (0)