Шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салынсын: Елде тағы бір петиция 50 мың қол жинады

Жаңалықтар
view 277
news

Сурет: ғаламтордан

Елімізде шенеуніктерге құмар ойындарына тыйым салуды талап ететін петиция 50 мың қол жинады, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Петицияның сипаттамасында шенеуніктердің билік пен қазынаға қол жеткізе отырып, мемлекеттік қаражатты үлкен көлемде жоғалтатыны жазылған.

“Тек өз отбасыларын ғана емес, бізді де тонайды. Халықтың еткен еңбегін жоққа шығарады. Алматы облысының казиносындағы бір ғана ресми тексеру кезінде 305 шенеуніктің жарты миллиард теңгеден айырылғаны анықталды. Орташа алғанда, әрқайсысы шамамен 1,7 миллион теңгені салған” – делінген жазбада. 

Авторлар мұны тек бір тексеру көрсеткенін және бұл тек ресми түрде айтылған деректер екенін атап өтті. Бұл петицияға белсенділік танытқандар көбейіп, 50 мың қолға жетті. 

Еске сала кетейік, қазақстандықтар шенеуніктердің құмар ойын ойнауына тыйым салуды талап етіп, петиция жариялаған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *