Шетелдік гранттар туралы нақты сұраққойылды, бірақ жауап болмады – Төреғожина жауап беруден қашты

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: Ашық дереккөзден

Шеттелдік гранттар туралы сұрақ Бақытжан Төреғожинаны неге тығырыққа тіреді?

Шетелдік қаржыландыру және ыңғайсыз сұрақтар: Төреғожина неге жауап бергісі келмеді?

 Шетелдік гранттар туралы сұрақ баспасөз мәслихаты кезінде Төреғожинаны тығырыққа тіреді

Бүгін Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына қатысты баяндаманың екінші бөлігінің таныстырылымына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Алматы қаласында өткен жиында Бақытжан Төреғожина мен Шалипа Бекқұлова спикерлер ретінде сөз сөйледі.

Баспасөз жиынына жиналған журналистерҚаңтар оқиғасымен ғана шектелген жоқ, тілшілер осындай жобалардың артында тұрған ұйымның қызметіне де қатысты сұрақтар қойды.

БАҚ өкілдерінің бірі Бақытжан Төреғожинаға шетелдік гранттық жобаларға адамдардың қандай жолмен іріктелетіні және олардың еңбегіне ақы төлене ме деген нақты сұрақ қойды.

Алайда Б.Төреғожина тура жауап берудің орнына ұйымның штаттағы қызметкерлері мен еріктілері туралы айтып берді. Оның сөзінше, Қаңтар оқиғасы кезінде ол бейнематериалдар мен жарияланымдарды жинауға 50-ден астам адамды тарта алған, ал мұндай жұмысты қалайтындарды табу үшін оған әлеуметтік желіде жазба жариялаудың өзі жеткілікті болған.

Журналистің сұрағы нақты гранттық жобаларға, адамдарды тарту тетігіне және олардың еңбегіне қатысты еді. Бұған қарамастан Б.Төреғожина қаржыландыру көздерін, жобаға тарту шарттарын және еңбекақы төлеу тәртібін ашып айтудан бас тартты.

Тағы бір журналист зерттеудің мазмұнын тікелей талқылауға тырысқанымен, бұл мәселе де жауабын тапқан жоқ. Ол баяндаманың бірінші бөлігіндегі тұжырымдарға сілтеме жасай отырып, ықтимал сәйкессіздіктерге түсініктеме беруді және зерттеуде қолданылған тарихи ұқсастықтардың дәлелдік құндылығын түсіндіруді сұрады. Атап айтқанда, журналист нақты эпизодтарды талдау мәселесін көтеріп, мұндай салыстыру эмоционалды түрде берілген қорытындыны алмастыра ма деген сұрақ қойды.

Алайда мәселенің басын ашып беретін пікірталас болған жоқ. Б.Төреғожина бұл сұраққада жауап бермейтінін мәлімдеді.

Қазіргі таңда Қазақстандағы үкіметтік емес секторды шетелден қаржыландыру мәселесініңөзекті екенін айта кету керек және оның нақты ақшалай көлемі де бар. Мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған шетелдік көздерден ақша мен өзге де мүлік алатын тұлғалар тізіліміне сәйкес, тек 2025 жылдың екінші жартыжылдығында мұндай қаржыландырудың көлемі 12 млрд теңгеден асқан.

Бұл тізілімдегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросы шетелден 350 млн теңгеден астам қаржы алған. Ал жетекшісі Бақытжан Төреғожина саналатын «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық бірлестігі 44 млн теңгеден астам қаражатиемденген.

Осы тұрғыдан алғанда, журналистің гранттық жобалар мен олардың қаржыландырылуына қатысты сұрағының болуы да, қойылуы дақисынға келетін дүние.

Бір қызығы, мұндай сұрақтар қойылғаннан кейін баспасөз мәслихаты шұғыл түрде аяқталып, тікелей эфир кенеттен үзіліп кетті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *