Щучье тұрғынын қылмыспен аты шыққан танысы несие рәсімдеуге мәжбүрлеген

Жаңалықтар
view 78
news

Фотосурет: Владимир Третьяков

Щучье қаласының 33 жастағы тұрғыны қылмыстың құрбаны болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Күдікті бұрын жәбірленушімен таныс болған. Ол дене күшін қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні iPhone 15 пен алтын мөр (печатка) сатып алу үшін тауарлық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Келтірілген жалпы шығын шамамен 950 мың теңгені қамтыды.

Жедел-іздестіру және тергеу шаралары кезінде Бурабай аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің бопсалау дерегіне қатыстылығын толық дәлелдеді. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленді, – деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған. Сонымен қатар ол Щучинск қаласында жасалған тағы бір бопсалау фактісі бойынша күдікке ілініп отыр.

Қазір бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері күдіктінің өңірдегі басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеру үстінде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *