Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды
Жаңалықтар
87
Фотосурет: instagram.com/nurlankoyanbayev
Актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі соңғы жарияланымымен жанкүйерлерін алаңдатты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол Instagram-дағы парақшасының сторис бөліміне аурухана палатасында түсірілген суретін жариялаған.
Жолда абай болыңыздар, – деген қысқа ғана жазба қалдырды ол суретіне.
Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Қоянбаевтың ауруханаға түсу себебін қызу талқылай бастады. Олар актер жол-көлік оқиғасына тап болуы мүмкін деген болжам айтып жатыр.
Қазір Нұрлан Қоянбаевтың нақты қандай себеппен ауруханаға жатқызылғаны жөнінде ресми ақпарат жоқ.
Пікірлер (0)