Astana LRT-дан үшінші рет өрт шықты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 92
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Елорда өрт сөндірушілері Astana LRT аялдамалық павильонында болған өртті сөндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ТЖМ-нің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Өрт Сарайшық ауданындағы Нұрмағамбетов көшесі бойындағы аялдамада болған. Ведомствоның мәліметінше, 112 пультіне қоғамдық көлік аялдамасындағы түтін туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен кезде салынып жатқан нысан аумағындағы аялдама павильонының жертөле бөлігінде түтін байқалғаны анықталды. Электр қалқанындағы кабельдер мен құрылыс қоқысы шамамен 10 шаршы метр аумақта жанған, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

От жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, бұл Astana LRT нысанындағы алғашқы өрт емес. Былтыр мамыр айында да сондағы құрылыс материалдары жанған болатын. Ал 2024 жылдың жазында нысан аумағында фанерден жасалған қалып (опалубка) өртенген еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *