Қаңтарда жоғалып кеткен ақтаулық әйел өлі табылды
Жаңалықтар
95
Фотосурет: ашық дереккөзден
Әлеуметтік желілерде Ақтаудың биыл жоғалып кеткен 38 жастағы тұрғынының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаменті әйелдің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.
Өлімнің нақты себебі, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптамасы нәтижесі бойынша анықталады. Құқық қорғау органдары соңғы қорытындыларды кейінірек жариялайтындарын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, Ақтау тұрғыны 30 қаңтарда 35-шағын ауданда орналасқан үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізген болатын.
Пікірлер (0)