Соңғы зейнетақы толық шешілген: Атырауда бір отбасынан 4 емес, 6 адам жоғалып отыр
Фотосурет: дереккөз
Журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парақшасына Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасы туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, оған отағасы Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әсилә хабарласып, отбасы мүшелерінің саны бұған дейін айтылғандай төртеу емес, 6 адам екенін жеткізген.
Алдымен «Ақтаудан жұмыс таптым» деп жалғыз ұлы Наурыз хабарсыз кетті. Кейін «дәрігерге қаралып келеміз» деген отбасы сол күйі үйге оралмаған. Үйлері жинақы, малы қорада, азық-түлік сол күйі тұр, – деп жазды журналист.
Оның айтуынша, жоғалғандардың екеуі зейнеткер, екеуі мүгедектік жәрдемақы алған. Сондай-ақ қараша-желтоқсан айларындағы зейнетақылары толық шешіліп алынған.
Сонда тұтас бір әулеттің 6 адамы қайда кетті? Жоғалудың басы 6 ай бұрын басталғанмен, полиция іздеуді 2025 жылдың 29 желтоқсанында ғана жариялады, – дейді Гүлмира Әбіқай.
Пікірлер (0)