Атырау облысында бір отбасының төрт адамы із-түзсіз жоғалып кетті
Фотосурет: Атырау обл. ПД
Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен төрт тұрғын іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға ағасы мен оның отбасының бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген. Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында өз үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.
Олардың жүрген жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдауда. Басқа өңірлердің полиция қызметкерлері де бағдарланды", - дейді полиция.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыптылар мен олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік өңірлеріне бағыт алуы мүмкін.
Олардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса құқық қорғау органдарының 98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 00 12 телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады.
Пікірлер (0)