«Өкпенің қадірін дәл осылай түсінбеген шығармын?!»: Роза Әлқожа бір жылда бес рет ауырған
Фотосурет: Instagram/roza_alqozha
Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде оқырмандарымен сырласты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол былтыр шығармашылығында біраз жақсы жаңалықтар болғанын атап өткен. Сонымен қатар денсаулығына байланысты мәселе болғанын да жасырмады.
«Өткен жылды тек алғыс сезімімен аяқтадық, шүкір! Биыл да концерттерге ұсыныс түсіп жатыр. Алла денсаулық, мүмкіндік берсе, бәрі де бола жатар.
Былтыр бес рет ауырдым. Өкпенің қадірін дәл осылай түсінбеген шығармын?! Метапневмония, бронхит, ларингит болып жүргенде, бір жағы вокал жақсы көмектесті деп ойлаймын. Әйтпесе күркілдеп жүріп бөпе шомылдырып, жаңа босанған анаға қарау оңай емес.
Үйдің шаруасын жасап жүріп, алда той жасайтынымыз, кеш беретінім үлкен мотивация болды», - дейді әнші.
Пікірлер (0)