Спортшы гормондық препараттар қабылдағанын мойындады
Фотосурет stan.kz сайтынан алынды
Танымал қазақстандық спортшы Алмас Өтешов "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасында қазақстандық ауыр атлетикада допингке байланысты жемқорлық барын айтты, деп жазады janabastau.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап,
Сөзінше, біздің билік Дүниежүзілік доппингке қарсы агенттікпен келісіп алады.
"Біздің билік Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен келісімге келеді. Сосын олар тексеруге келгенде, орнымызға басқа адам сынақтан өтеді. Мысалы менің орныма Айдос ағам тапсырады. Менің атыммен қан мен зәр тапсырады, бәрі бұрыннан жоспарланып қойылады. Илья Ильиннің Алексей деген ағасы бар, ол жерде бәрі алдын-ала келісілген", – деді ауыр атлет.
Спортшы гормондық препараттар қабылдағанын мойындады. Бүгінде Алмас Өтешов Алматыда күзетші болып жұмыс істейді.
"Біз допинг қабылдағанымызды мойындаймыз. Онда көптеген дәрілер бар – пропионат, тестостерон, станозолол. Олардың барлығы гормоналды заттар, оларды қабылдамаса, ауыр көтере алмайды", – дейді Өтешов.
Алмас Өтешов 2008 және 2009 жылдардағы Азия чемпионаттарында қола жүлдегер атанды.
2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадаға қатысты.
2013 жылы Вроцлав қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.
2014 жылғы Инчхондағы Азия ойындарының күміс жүлдегері, АҚШ-тың 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Айта кетейік, 2024 жылы Париж Олимпиадасында қазақстандық ауыр атлеттер жоқ.
Пікірлер (0)