"Су тасқынына ақша жинап, өз пайдасына жаратқан". Перизат Қайрат туралы тың деректер айтылды
Сурет: BAQ.KZ
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов атышулы Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың мәліметтер айтты, деп хабарлайды janabastau.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бізде үш эпизод бар. Біріншісі, Палестинаға ақша жинаған, кейін су тасқынына жинаған ақшасы бар. Үшіншіден, реабилитациялық орталықтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы 22 млн теңге жинаған, оны өз пайдасына жаратқан. Жақында ол қылмыстық істі аяқтауды көздеп отырмыз. Кейін сотқа жібереміз, - дейді Жеңіс Елемесов.
Елемесов істің наурыз айының соңында аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Істің материалдарымен танысу қанша уақытқа созылатынын айта алмаймын, өйткені бұл қылмыстық процеске қатысушыларға байланысты. Онда 100-ден астам том бар, заттай дәлелдерді есептемегенде, - дейді Елемесов Мәжіліс кулуарында.
Бүгінгі таңда Перизат Қайратқа "алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды. Онымен қоса, 218-бап бойынша іс қозғалған. Іс бойынша Перизат Қайрат пен оның анасы күдікті деп танылды. ҚМА төрағасының орынбасарының сөзінше, қазіргі уақытта басқа да күдіктілер анықталған жоқ.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)