Шұғыл! Алла жар болсын! Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырады (ВИДЕО)
Фотосурет: ашық дереккөзден
Белгілі әнші Сәкен Майғазиев Сарыағаш қаласына барар жолда көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Arasha.kz сайтына сілтеме жасап.
Айтуынша, олардың көлігіне қарсы бағыттан шығып кеткен автокөлік соқтығысқан.

Сарыағашқа бара жатқанда қарсы келген көлікпен соқтығысып қалдық. Ең маңыздысы, адам шығыны жоқ, бәріміз аманбыз, – деді Майғазиев.
Әншінің сөзіне қарағанда, оқиға барысында ешкім зардап шекпеген.
Бұл ақпарат өткен аптада әлеуметтік желіде, ақпараттық алаңда кеңінен тарады. Алайда біз аранайы фактчек жасап, апаттың қай уақытта болғанын анықтадық. Бұл жағдай 2023 жылы болған екен. «Хабар» телеарнасының TikTok желісіндегі ресми парақшасы осы видеоны сол уақытта жүктеген. Алайда кейбір пабликтер осы жаңалықты алып, жалған ақпарат таратып жатыр екен.
Сіздерден жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек тексерілген, ресми жаңалықтарға сенулеріңізді сұраймыз.
Пікірлер (0)