Суицидке итермелегендер 9 жылға сотталады
Жаңалықтар
94
Мәжілісте әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы қаралып жатыр. Заңға суицидке итермелегендерді жазалау нормасы енгізілген, деп хабарлайды janabastau.kz.
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова заң жобасын таныстырды. Суицидтің алдын алу мақсатында Қылмыстық кодексте жаңа 2 құрам суицидке итермелеу және суицидті насихаттау бойынша норма енгізілді.
Бұдан бірнеше жыл бұрын "Синий кит" немесе сол секілді ойындар бойынша әлеуметтік желілерде челендждер болып тұрды. Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады, - деді депутат
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Пікірлер (0)