Сұмдық! Атбасарда әлеуметтік қызметкер қарияның зейнетақысын жымқырған
Сурет: Ашық дереккөзден
Ақмола облысы, Атбасар ауданында полицейлер зейнетақы төлемдерін жымқыру ісін тергеп жатыр, – деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға шетел азаматы арызданған. Оның айтуынша, әкесі зейнетақысын алу үшін әлеуметтік қызметкерге сенімхат тапсырған. Әйел қаңтардан шілдеге дейін ай сайын ақша алғанымен, оны иесіне бермеген. Залалдың жалпы сомасы 868 мың теңгені құрайды.
Тәртіп сақшылары күдіктіні – Атбасар қаласының тұрғынын анықтап, оған бөтеннің мүлкін иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция тұрғындарға ескертеді: зейнетақы немесе әлеуметтік төлемдерді алу үшін сенімхатты тек жақын әрі сенімді адамдарға беру қажет. Сонымен қатар, қаржының түсуін жүйелі түрде қадағалап, күдік тудырған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгіну маңызды.
Пікірлер (0)