Сұмдық оқиға: келіншек пен сәбиін қораға қамап ұстаған
Фотосурет: Zamon.uz
Өзбекстанда адам сенгісіз оқиға болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, ер адам жасырын түрде үйленген. Бірақ әйелін ешкімге көрсетпей, «қалаға оқуға кеткен» деп жалған ақпарат таратып, бір жыл бойы жасырып жүрген.
Келіншек босанған соң жағдай тіпті ауырлай түсті: оны күйеуі мен енесі 5 айлық сәбиімен қораға қамап қойған.
Көршілері есік алдында ілулі тұрған кішкентай баланың киімдерінен күдіктеніп, полицияға хабар берген. Тінту барысында тәртіп сақшылары қорадан 25 жастағы келіншек пен оның 5 айлық нәрестесін тапты.
Қазір әйелді қамауда ұстаған ер адам, оның анасы және 3 қарындасы қамауға алынды.
Алдын ала мәлімет бойынша, келіншектің ата-анасы ерте қайтыс болған, ол нағашыларының қолында өсіпті. Тұрмысқа шыққаннан кейін туыстарымен байланысы үзілген.
Бұл оқиға ауылдағы бейқамдық пен әйелдер құқығының тағы бір мәрте аяқасты болғанын көрсетіп отыр.
Осы жағдайға қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.
Пікірлер (0)