Шымкентте Дендросаябақ аумағынан мәйіт табылды
Жаңалықтар
95
Фотосурет: ашық дереккөзден
Бүгін Шымкент қаласындағы Дендросаябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті ресми түсінік берді. Ведомство мәліметінше, құқық қорғау органдарына суицид белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түскен.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Пікірлер (0)