Шымкентте ер адам әйеліне укол саламын деп өлтіріп алды

Жаңалықтар
view 76
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Шымкентте әйел адам күйеуі салған инъекциядан соң қайтыс болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әйел адамның өліміне қатысты сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Қайғылы жағдай Жібек жолы көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер адам әйеліне инъекция саламын деп қателік жіберген. Дәрі еккен соң әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *