Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

Жаңалықтар
view 222
news

Фотосурет: gov.kz

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Күні кеше "Түркістан БГҚ" ЖШС-ның ресми сайтында және желідегі аккаунтында Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымовтың "Түркістан БГҚ" ЖШС-не жұмыс сапарымен барғаны туралы ақпарат жарияланды. Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, Ғабидолла Әбдірахымов шынымен де акционерлік қоғамда жұмыс істейді, бұл қызметке ол 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап кіріскен.

"Ғабидолла Әбдірахымовтың экономика және басқару саласында білімі бар, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде, Президент әкімшілігінде және Қазақстан үкіметінде басшылық лауазымдарды атқарған, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі және мәдениет және спорт вице-министрі болған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, компанияның баспасөз қызметінің өкілдері Ғабидолла Әбдірахымовтың Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның мүшесі емес екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *