Сырқаттанушылар көбейген бе: Қостанайлық оқушылар онлайн оқуға көшті

Жаңалықтар
view 87
news

Фото: Gov.kz

Қостанайлық оқушылар 3 желтоқсанға дейін қашықтан оқиды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қалалық Білім басқармасының мәліметінше, күнделікті сырқаттанушылық деңгейіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Қостанай қаласының барлық 37 жалпы білім беретін мектебінде оқу үдерісін 3 желтоқсан, сәрсенбі күнін қоса алғанда, қашықтан оқыту форматын ұзарту туралы шешім қабылданды.

 

Бұл шешім білім беру процесінің барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Алдағы өзгерістер туралы қосымша хабарланатын болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *