Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Ақорда
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Аида Балаеваны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындау туралы кандидатурасы келісілген.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Балаева Аида Ғалымқызы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.
1999-2004 жылдары Алматы облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында қызмет етті.
2004 жылы Алматы қаласы бойынша Ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімін басқарды.
2006 жылы Алматының Ішкі саясат департаментінің директоры болды.
2010-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылы Президент Әкімшілігіне жұмысқа ауысып, ішкі саясат бөліміне жетекшілік етті.
2019 жылы Президенттің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарау жөніндегі бөлімнің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
2020 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
2022 жылы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Президент Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда бұл қызметке қайта тағайындалды.
Пікірлер (0)