Тайландта бар өртеніп, 27 адам қаза тапты
Жаңалықтар
32
Фотосурет: видеодан скриншот
Бангкоктағы барда болған өрттен 27 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 13 шілдеде қаланың солтүстік бөлігіндегі барда тіркелді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ DW-ге сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер оқиға орнынан кадрларды жариялады. Онда пабтың есігінен жалын шығып жатқанын және адамдардың қашып шығып жатқанын көруге болады.
Тайланд премьер-министрі Анутин Чарнвиракулдың айтуынша, өрттен кем дегенде 27 адам қаза тауып, тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды.
Өрттің себебі әлі анықталған жоқ. Ресми мәлімет бойынша, өрт сөндірушілерге жалынды оқшаулау үшін кем дегенде жарты сағат уақыт кеткен.
Пікірлер (0)