Талғарда күйеуі жүкті әйелін баласының көзінше пышақтап өлтірді

Жаңалықтар
view 85
news

Фотосурет: polisia.kz

Талғар ауданына қарасты Рысқұлов ауылында жантүршігерлік оқиға орын алды. Nemolchi.kz Instagram парақшасына түскен ақпарат бойынша, Жазира есімді әйелді күйеуі өз баласының көзінше пышақтап өлтірген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Марқұмның әріптесінен түскен мәлімет бойынша, қанды оқиға кеше белгілі болған. Келіншектің денесі табылған сәтте оның қасындағы төсекте 5 жасар қызы ұйықтап жатқан.

Кеше сағат 11:00-де оны жерледік. 5 жасар қыз бала қансырап жатқан анасының қасында ұйықтап жатқан, — делінген хабарламада. 

Марқұмның әріптестері оның "бұл құбжықтан" жүкті болғанын да атап өтуде. Қазіргі уақытта күдіктіні Аудандық ішкі істер бөлімінің (АІІБ) қызметкерлері қолға түсіргені айтылуда.

Қоғам белсенділері мен марқұмның жақындары полициядан ресми мәлімет пен істің әділ тергелуін күтуде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *