"Тамағын пышақпен кесіп, жайбарақат демалып отырған": Павлодарда ер адам қалың жұрттың көзінше адам бауыздады (видео)

Жаңалықтар
view 325
news

Сурет: видеодан скрин

Желіде Павлодардағы бір үйдің ауласында кісі өлтірілгені түсірілген видео тарады,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Кадрлардан ер адамның белгісіз себеппен басқа бір адамды ұрып-соғып, жерге құлатып, тамағын кескенін байқауға болады. 

Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады.

“Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша, басқа адамды заңсыз қасақана өлтірген адам –сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *