Танымал айтыскер Айтақын Бұлғақовтың қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды

Жаңалықтар
view 29
news

Коллаж: SN.kz

Танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовқа өңеш қатерлі ісігі диагнозы қойылғаны белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас медициналық көмекке дер кезінде жүгінген. Әсіресе, ұлы әкесінің жағдайына алаңдап, уақыт оздырмай ем іздеуге белсенді кіріскен. Алдымен Түркиядағы екі клиникада тексеруден өткеннен кейін, отбасы емді жалғастыру үшін басқа медициналық орталықты таңдаған.

Клиника өкілдері бұл шешімді «өмір үшін жасалған маңызды қадам» деп бағалап отыр. Олардың сөзінше, қазіргі уақытта науқастың жағдайында оң динамика бар және толық сауығып кету мүмкіндігі жоғары.

«Дұрыс ем, тәжірибелі дәрігерлер және дер кезінде басталған күрес – адамға жаңа өмір сыйлай алады», – дейді мамандар.

Қазір Айтақын Бұлғақов ем қабылдап жатыр. Жақындарының айтуынша, оның рухы берік, ал отбасы жан-жақты қолдау көрсетуде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *