Танымал блогер ішіп алып, Құран аяттарынан рэп оқыған

Жаңалықтар
view 541
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде «Жузефина» лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева қасиетті Құран аяттарын рэп стилінде оқығаны үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды janabastau.kz Malim.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандағы танымал блогерлер жиналған туған күн кешінде түрлі ойындар ұйымдастырылған. Сол кеште қазақша рэп оқып жатқан Айшолпан есімді блогердің қолындағы микрофонды тартып алып, Жұлдыз өз өнерін көрсетеді. Блогер Құранның «Мәғун» сүресін рэп үлгісінде оқыған.

Алайда бұл әрекет желі қолданушылары тарапынан сынға алынды.

«Масқара екен», «Қазақтың қыздары не болып барады?», «Жастар бетімен кетіпті», «Халықтың ақшасына құтырып бітті», деп жазған желі қолданушылары.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *