Танымал продюсер ZTB-ға бойкот жасауға шақырды

Жаңалықтар
view 178
news

Сурет: Dalanews.kz

"За тебя, Бәке" (ZTB) медиа жобасының негізін қалаушы, медиаменеджер Марғұлан Тұрсыновтың басы дауға қалған болатын. Бәрі оның Threads желісінде жазған жазбасынан басталған. Қоғамда оның мәлімдемесі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап. 

Тіл мәселесі онсыз да қызып тұрған шақта Марғұлан Тұрсыновтың орыс ұлтына қатысты жазбасы отқа май құйғандай болды. 

"Соңғы уақытта елімізде орыстарға қатысты ұлтшылдық күшейгені байқалып отыр. Мен, жергілікті ұлттың өкілі ретінде орыстарға деген көзқарасым ерекше екенін мойындаймын. Көп жағдайда түрлі мәселелер бойынша мен дәл соларға жүгінемін. Мейлі техника жөндеу, көлік, дизайн, бухгалтерия секілді мәселелер болсын. Өйткені оларды анағұрлым білімді, жауапты әрі тұрақты деп есептеймін. Ашық айтайын, күнделікті өмірде оларсыз маған қиын", - дейді Марғұлан Тұрсынов. 

Threads қолданушылары медиаменеджердің бұл жазбасын қызу талқылай түсті.

ZTB-ға бойкот жариялау туралы

"Оян, қазақ!" секілді туындылардың бас продюсері Айсәуле Әбілда Марғұлан Тұрсыновтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

"Мен бұл кісінің парақшасын қарасам, қателігін түсініп, кешірім сұраудың орнына соны байқаған адамдарға биіктен күліп отыр. Сол себепті баршаңызды ZTB парақшаларынан шығып кетуге шақырамын. Байкотпен ғана бар екенімізді дәлелдей аламыз", - деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *