Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, Әзірбайжан бауырлар!
Жаңалықтар
110
Фотосурет: АЗЕРТАДЖ – Әзірбайжан Мемлекеттік Ақпараттық Агенттігі
28 мамыр күні Әзірбайжан Республикасы Тәуелсіздік күнін атап өтті. Айтулы мерекеге орай бауырлас елдің Астанадағы елшілігінде салтанатты шара өтіп, оған екі мемлекеттің көптеген ресми тұлғалары қатысты. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов және Әзірбайжанның Қазақстандағы Өкілетті Елшісі Агалар Атамогланов құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды JANABASTAU газетінің бас редакторы Дәулет Асау.
Әзербайжан – жаһандық саясаттағы өзгерістерді ескере отырып, өз елінің ұлттық мүддесін нық әрі батыл қорғап келе жатқан мемлекет. Бұл тұрғыда Президент Ильхам Әлиев былай дейді: «Меніңше, ең бастысы – әрбір мемлекеттің егемендігі бұзылмауы тиіс, оны қорғау қажет. Ешкім өзгенің ішкі ісіне араласпауы керек. Біз осы қағиданы берік ұстанып, соған қол жеткіздік. Енді ешкім біздің ішкі ісімізге араласа алмайды. Мұндай әрекеттер болды ма? Иә, болды. Болуы мүмкін бе? Әрине, ықтимал. Бірақ нәтиже берді ме? Жоқ, әрі бұдан кейін де бермейді». Әзірбайжан халқының бағына туған асыл ердің серті осы!

Әзірбайжан ширек ғасыр жаттың қолында болған Таулы Қарабақты және оның айналасындағы жеті ауданды күшпен қайтарып алып, өзінің аумақтық тұтастығын қалпына келтірді. Бұл Әзірбайжан халқының ерлігі, Президентінің ерлігі! Еуропа нарығына мұнай-газ экспортын ұлғайтып, энергетикалық әріптестік арқылы Ресейге тәуелділікті жойды. Теңгерімді сыртқы саясат пен көпвекторлы дипломатияның арқасында Батыс пен Шығыс арасындағы сенімді серіктеске айналды. Түркі интеграциясын қолдап, аймақтық ықпалын күшейтуде.
Әзірбайжан Республикасының Тәуелсіздігі баянды болсын, бауырлар!
Пікірлер (0)