Тойда әуеге оқ атқандар ұсталды

Жаңалықтар
view 506
news

Сурет: Police.kz

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында атыс қаруы қолданылған тойдан кейін бірнеше адам ұсталды,- деп хабарлайды Janabastau.kz, police.kz ресми телеграм арнасына сілтеме жасап.

“Осы жылы 9 маусымда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында атыс қаруын қолданумен байланысты оқиға болды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері барлық құқық бұзушыларды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды”,-деп хабарлады полиция өкілдері.

Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалған. Қарулар тиісті сараптамаға жолданыпты.

“Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.Тергеу барысы басшылықтың жеке бақылауында. Жалпы, Алматы облысының полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Қылмыстар санының тұрақты төмендеуі байқалуда. Дегенмен, аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданады”,-дейді полиция өкілідері.

Айта кетейік, бұған дейін оқиғаның видеосы таралып, полицейлер оған қатысушы азаматтарды іздеп жатқанын хабарлаған едік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *