Тоқаев барлық орденнен бас тартты
Жаңалықтар
99
Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттігі аяқталмайынша не отандық, не шетелдік марапаттарды қабылдамауды шешті.
Айта кетсек, ресейлік тарап Тоқаевты «Александр Невский» орденімен марапаттауды ұсынған. Бірақ ел Президенті одан бас тартыпты.
«Мемлекет басшысы көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Алайда ол өзінің президенттік өкілеттігі аяқталғанша отандық немесе шетелдік марапаттарды қабылдамауды ұйғарды. Дәл сол себепті жақында Бішкекке жасаған сапары кезінде президент Қырғызстанның ең жоғары ордені бірінші дәрежелі «Манас» орденінен бас тартты» делінген хабарламада.
Пікірлер (0)